8 (7172) 53-31-08

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.
Қаншама жанның өмірін қиған куғын сүргін жылдары құрылған лагерьлерге 5 миллионнан астам адам аттандырылған. Жазықсыз жазалағандардың саны өте көп.
Бәрімізге мәлім қазақ зиялылары мен ұлт интелегенциялары репрессияға ұшырады. Осындай қасиретті басынан өткерген халқымыз әрқашан ата-бабаларын үлгі тұтуда. Атқылап, кішкентай сәбиден бастап пен әр намысшыл ердің «Мен, мен!»-деген сөздерін жоқ қылған сұрапыл жылдар ешқашан ұмытылмас.
Авторы: Саят Әбенов
Өлең: Атылған оқ

Мен керексіз қазақ болдым бұл күні,
Тақалғанда жауыздардың мылтығы.
Сонда мені аяп тұрған оқ қана,
Өзгелердің көрге тығу күңкілі.

Көз алдымда көлеңке жоқ, тас түнек,
Əлгі мылтық шүріппесін басты кеп.
Атылған оқ өн бойымды суытты,
Қарт өмірмен қош айтысты жас жүрек.

Өлдім сөйтіп заман бəрін көріп тұр,
Айдалаға кетті бізді көміп құр.
Өкінбеймін, елім үшін өлдім Мен,
Ей, Құдайым, ұрпағыма соны ұқтыр.
Видео: «Youtube» желісінен, «ASTANKINO» каналынан алынған.
Сілтемесі: https://youtu.be/8XXcANWJj24?si=PPozcRu73W1OdIQ5

  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter