ЖШС-нің негізгі қызметі — астананы көгалдандыру және жайлы қалалық орта құру: жалпы пайдаланымдағы көгалдандыру нысандарын (саябақтар, скверлер, бульварлар, көшелер, кіреберіс жолдар), шағын сәулет нысандарын, абаттандыру элементтерін, ескерткіштер мен субұрқақтарды күтіп ұстау және салу, сәндік ағаш-бұта мен гүл дақылдарының көшеттерін өсіру және сату, көгалдандыру мен абаттандыру қызметтерін ақылы негізде көрсету, жасыл желектерді зиянкестер мен аурулардан өңдеу, жалпы пайдаланымдағы орындарды (саябақтар, скверлер, алаңдар, бульварлар, көшелер) тазалау.
«Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің бас директоры Оралов Р.М. 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен 2025 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.
Сапар барысында сатып алынған арнайы техникалар таныстырылды (2024 жылы 89 техника бірлігі, ал ағымдағы жылы 23 бірлік алынған). Сондай-ақ, гүл және сәндік кешеніне экскурсия ұйымдастырылып, гүл көшеттерін өсіру процесімен таныстырылды.