8 (7172) 53-31-08

1. Осы Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 1-тармағының 70-41) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамдарды, мүлікті, қоғам мен мемлекетті өрттен қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Объектілерді пайдалану кезінде осы Қағидалардың, белгіленген тәртіппен бекітілген, объектілерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары қамтылған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі.

      3. Заңның 16 және 18-баптарының талаптарына сәйкес объектіде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды меншік нысанына қарамастан меншік иелері, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, объектіні немесе үй-жайды иеленуге, пайдалануға немесе оған билік етуге құқығы бар адамдар (бұдан әрі – ұйым басшысы) қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Заңның 16-бабының 2-тармағына және 18-бабының 2-тармағына сәйкес ұйымдардың басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз бұйрығымен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына (тұрақты, уақытша немесе орындалатын жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) байланысты міндет жүктелген) жауапты адамдарды тағайындай алады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Ұйым басшысы әрбір объектіге қатысты (жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес, олардың өрт қауіптілігіне сай өртке қарсы режимді қамтитын өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекітеді.

      6. Ұйым басшысы өрт сөндіру және өрт дабылы қондырғыларының, өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды хабарлау және басқару жүйелерінің, түтінге қарсы қорғау және өртке қарсы сумен жабдықтаудың, өртке қарсы жабдық пен өрт техникасының, өртке қарсы есіктердің, клапандар мен люктердің, өртке қарсы тосқауылдардағы ойықтарды толтыруын, ғимараттар мен құрылыстардағы үй-жайлардың, адамдарды қорғау және құтқару құралдарының, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және сыртқы технологиялық қондырғыларды найзағайдан қорғау құрылғыларының болуын, жобалау құжаттамасына сәйкес келуін және олардың үнемі жарамды жұмыс күйінде болуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Объектілердегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысымен бекітілген міндетті түрде Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесіне сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жұмысы ұйымдастырылады. Объектілердегі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.

      8. Ұйымдардың жұмыскерлері өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқытудан және нұсқамадан өткеннен кейін ғана жұмыс істеуге жіберіледі, ал жұмыстың ерекшелігі өзгергенде ықтимал өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді. Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту тәртібі және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9510 болып тіркелген) бекітілген Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады

      9. Ғимараттардың өртке қарсы қорғау жүйелері мен техникалық құралдарының (өрт сигнализациясы және өрт сөндіру қондырғыларының, түтіннен қорғау, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялау жүйелерінің және қол өрт сөндіргіштерінің) тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ұйым басшысының бұйрығымен өртке қарсы қорғау жүйелерін үздіксіз пайдалануды, бастапқы өрт сөндіру құралдарын сатып алуды, жөндеуді, олардың сақталуы мен іс-әрекетке әзірлігін, техникалық қызмет көрсетуді және жоспарлы-алдын ала жөндеуді уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз ететін адам тағайындалады.

      Өрт сөндіргіштерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Ұйымдардағы кезекші персоналдың үй-жайларында телефон орнатылған орындарда, эвакуациялау жоспарлары, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар "101" өртке қарсы қызмет пен "112" бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметтің телефон нөмірлері көрсетілген тақтайшалар ілінеді.

      Кезекші персонал өзіне жүктелген функцияларға сәйкес ғимараттың барлық есік құлыптарының кілттері жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

      Кілттердің қосалқы жиынтығы ғимараттың бірінші қабатындағы кезекші персоналдың (күзет) үй-жайында сақталады.

      Әрбір кілт оның қай құлыпқа тиесілі екендігі жазылған биркамен қамтамасыз етіледі.

      Кезекші персонал телефоны бар үй-жайға жайғасады және түнде ғимаратта қалған адамдарды есепке алу журналын еркін нысанда жүргізеді.

      11. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) кез-келген қабатта осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген эвакуациялау жоспарын жасау жөніндегі нысанға сәйкес эвакуациялау жоспарлары әзірленеді. Эвакуациялау жоспарлары адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды жүргізу, өртке қарсы қызметті шақыру және өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша ұйым жұмыскерлерінің іс-қимыл жасау тәртібін қамтиды. Эвакуациялау жоспарлары ғимараттың әр қабатында, қабаттан эвакуациялық шығу жолдарында дәліздің ұзындығы бойымен 20 метрден (бұдан әрі – м) аспайтын қашықтықта ілінеді.

      13. Адамдардың тұруына арналған ғимараттарда, сондай-ақ адамдар жаппай келетін ғимараттарда (құрылыстарда) өрт кезінде электр энергиясын өшірген жағдайда, кезекші персонал жұмысқа қабілетті жай-күйдегі электр фонарьларымен қамтамасыз етіледі. Фонарьлар санын ұйым басшысы объектінің ерекшеліктеріне байланысты, бірақ әрбір кезекшіге кемінде 1 фонарьдан анықтайды.

      14. Адамдар тәулік бойы болатын ғимараттар үшін әзірленген өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықта адамдарды өздігінен эвакуациялау, сондай-ақ ұйым персоналының өздігінен эвакуациялануға қабілетсіз адамдарды тәуліктің жарық және қараңғы уақыттарында эвакуациялау нұсқалары қамтылады.

      Адамдар жаппай болатын объектіде ұйым басшысы жарты жылда кемінде 1 рет еркін нысанда толтырылатын жаттығулар журналында көрсете отырып, практикалық жаттығулар өткізуді қамтамасыз етеді.

      15. Адамдар тәулік бойы болатын объектілердің басшылары күн сайын объектіге шығу ауданындағы өрт сөндіру бөліміне әрбір объектідегі адамдардың саны туралы мәліметті жолдауды қамтамасыз етеді.

      16. Ғимараттар мен құрылыстардың функционалдық мақсатын өзгертуге, оларға күрделі жөндеу, техникалық қайта жарақтау, реконструкциялау және қайта жоспарлау "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына жобалау құжаттамасы жүзеге асырылады.

      17. Барлық өндірістік және қойма үй-жайлары үшін, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар үшін жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі санаттары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 21045 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің (бұдан әрі – "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті) 16-қосымшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан әрі – ЭҚОҚ) талаптарына сәйкес аймақтардың кластары анықталып, үй-жайлардың есіктерінде тиісті белгілермен белгіленеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Ғимараттар мен құрылыстар олардың пайдаланылу циклінің барлық кезеңдерінде жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

      Бастапқы өрт сөндіру құралдарын және өрт сөндіру автоматикасы жүйелерін орналастыру орындары стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгіленеді.

      19. Ғимараттар мен құрылыстарда есіктердің өздігінен жабылуына арналған құрылғылар жарамды күйде ұсталады.

      Өртке қарсы есіктер мен түтіннен құрылғылардың (шымылдықтардың, экрандардың, перделердің) еркін жабылуына кедергі келтіретін құралдарды орнатуға жол берілмейді.

      20. Өрттің шығуына әкелуі мүмкін ақаулары бар жабдықтарда жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

      21. Қажетті отқа төзімділік шегін қамтамасыз ету және өрт қауіптілігін төмендету үшін ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын өңдеу және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде аккредиттелген зертханада сынақтар жүргізу арқылы қол жеткізілген нәтижелерді растай отырып, оларды оттан қорғау құралдарымен өңдеу талап етіледі.

      Отқа төзімділіктің барлық дәрежесіндегі ғимараттарда (отқа төзімділіктің V дәрежесін қоспағанда) жанғыш материалдардан жасалған шатыр жабындарының ілмектері мен торлары оттан қорғағышпен өңделуі тиіс.

      Оттан қорғау құрамдарын жағу жұмыстарын жүргізу оттан қорғау құралына арналған техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Ұйым басшысы оттан қорғайтын тозаңды құрамдардың, оттан қорғау майларының, сылақтың, құрылыс конструкцияларының плиталарымен, табақты және басқа да оттан қорғау материалдарымен қаптамалардың, жанғыш өңдеу және жылуды оқшаулау материалдарының, ауа өткізгіштердің, жабдық пен эстакадалардың металл тіректерінің зақымдануларын жоюды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оттан қорғау өңдеуінің (сіңіргішінің) жай-күйін тексеруді жүзеге асырады.

      Оттан қорғау өңдеуінің (сіңіргішінің) жай-күйін ол жүргізілгеннен кейін техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде аккредиттелген зертханалармен, ал кейіннен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес тексеріледі.

      23. Өртке қарсы тосқауылдардың инженерлік және технологиялық коммуникациялармен (оның ішінде электр сымдарымен және кабельдермен) қиылысқан жерлерінде пайда болған ойықтар мен саңылаулар қажетті отқа төзімділік шегі мен түтін-газ өткізбеуді қамтамасыз ететін, жанбайтын материалдармен бітеледі.

      24. Ғимараттар мен құрылыстарда (жеке тұрғын үйлерді қоспағанда):

      1) жертөлелерде, цоколь қабаттарында, шатырларда, техникалық қабаттар мен үй-жайларда, желдету камераларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, жанғыш газдары бар баллондарды, аэрозоль орамындағы тауарларды, целлулоидты, жарылыс-өрт қауіпті, жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға және жинауға;

      2) жобалау құжаттамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жертөлелерді, цокольдық қабаттарды, шатырларды, техникалық қабаттарды және үй-жайларды, желдеткіш камераларын нысаналы мақсатынан тыс пайдалануға және қолдануға;

      3) лифт холлдарын нысаналы мақсатынан тыс пайдалануға;

      4) қабаттардағы дәліздерден, холдардан, фойеден, тамбурлардан және баспалдақ алаңдарынан эвакуациялық шығу жолдарының жобада көзделген есіктерін, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрттің қауіпті факторларының таралуына кедергі келтіретін басқа да есіктерді алып тастауға;

      5) нәтижесінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайлары нашарлайтын, өрт сөндіргіштерге, өрт крандарына және басқа да өрт қауіпсіздігі құралдарына қол жеткізу шектелетін немесе автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерінің (автоматты өрт сигнализациясының, стационарлық автоматты өрт сөндіру қондырғыларының, түтін жою жүйелерінің, құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерінің) әрекет ету аймағы азаятын көлемдік-жоспарлау шешімдерін өзгертуді жүргізуге;

      6) есіктерді, люктерді, жанама секцияларға өтетін жерлерді және эвакуациялау сатыларына шығу жолдарын үйіп тастауға, балкон араларындағы сатыларды демонтаждауға, сондай-ақ пәтерлердің балкондары мен лоджияларындағы люктерді дәнекерлеуге;

      7) май сіңген сүрткіш материалды жинамай қалдыруға;

      8) ғимараттың барлық қабаттарының терезелерінде және жертөлелердің терезелеріндегі ойықтарда (қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелердің және қылмыстық-атқару жүйелері объектілерінің, мекеме қоймаларының, кассаларының, қару-жарақ бөлмелерінің, құпия бөлімдерінің, прекурсорларды сақтау және олардың айналымы үй-жайларын қоспағанда) торларды орнатуға;

      9) түтінсіз баспалдақтарға апаратын балкондарды, лоджияларды және галереяларды шынылауға, сондай-ақ оларға торлар орнатуға;

      10) баспалдақ торларында, алаңдарында және дәліздерде қоймалар (қосалқы үй-жайлар) орнатуға, сондай-ақ баспалдақ сатыларының астында және баспалдақ алаңдарында заттарды, жиһаз бен басқа да жанғыш материалдарды сақтауға жол берілмейді. Бірінші және цокольдік қабаттардың баспалдақ сатыларының астында орталық жылу беруді басқару тораптарына, су өлшеу тораптарына және жанбайтын материалдардан жасалған қалқалармен қоршалған электр қалқандарына арналған үй-жайларды орналастыруға жол беріледі;

      11) ғимараттардың өндірістік және қойма үй-жайларында (отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттардан басқа) жобалау құжаттамасында көзделген жағдайлардан басқа, жапсарлас үй-жайларды орнатуға;

      12) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына, сондай-ақ құтқару құрылғыларын бекіту орындарына өту жолдарын үйіп тастауға және жабуға жол берілмейді.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Газ құбырларынан, газ баллондарынан және аспаптардан, қатып қалған құбырларды қыздыру аспаптарынан, инженерлік коммуникациялардан газдың шығуын анықтау үшін ашық отты қолдануға жол берілмейді. Қатып қалған құбырларды, жабдықтарды, инженерлік коммуникацияларды қыздыру ыстық сумен, бумен және қызған құммен жүргізіледі.

      26. Ғимараттар мен құрылыстардың шатырларындағы сыртқы өрт сөндіру сатылары мен қоршаулары жарамды күйде күтіп-ұсталады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.02.2023 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Бір мезгілде 50-ден астам адамның болуына арналған үй-жайларда, сондай-ақ бір мезгілде 15-тен астам адамның болуына арналған жертөле мен цокольдік қабаттардың үй-жайларында кемінде екі эвакуациялық шығу жолы көзделеді.

      Отқа төзімділігі IV және V деңгейдегі ғимараттар мен құрылыстарда бір мезгілде 50 және одан астам адамның тек бірінші қабаттағы үй-жайларда болуына жол беріледі.

      28. Шатыр үй-жайларының, сондай-ақ технология шарттары бойынша адамдардың тұрақты болуы талап етілмейтін техникалық қабаттар мен жертөлелердің есіктері мен люктері құлыпталады. Көрсетілген үй-жайлардың есіктері мен люктеріне қажет болған жағдайларда тәулік бойы қол жеткізу қамтамасыз етілуі тиіс кілттердің сақталатын орны туралы ақпарат ілінеді.

      Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылымдардың жертөлесі және цокольдік қабаттарының терезе ойықтарының шұңқыршалары қоқыстан және басқа заттардан уақтылы тазартылады. Терезелердегі тиектер ішінен кілтсіз ашылады.

      29. Пайдаланылған сүртетін материалдар қақпақпен жабылатын, жанбайтын материалдан жасалған контейнерлерге жиналады. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін көрсетілген контейнерлердің ішіндегісі ғимараттардан тыс шығарылады.

      30. Майлармен, лактармен, бояулармен және басқа да тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс істейтін адамдардың арнайы киімі осы мақсатқа арнайы бөлінген орындарда орнатылған металл шкафтарда ілінген күйінде сақталады.

      31. Биіктігі 1 қабаттан жоғары витраждары бар ғимараттарда әрбір қабаттың деңгейіндегі витраждарда орнатылған түтін өткізбейтін, жанбайтын диафрагмалардың конструкцияларын бұзуға жол берілмейді.

      32. Эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын пайдалану кезінде жобалау шешімдерін (оның ішінде эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын жарықтандыру, олардың саны, өлшемдері және көлемдік-жоспарлау шешімдері бойынша, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы бойынша) талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі.

  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter