8 (7172) 53-31-08

Біліктілікті арттыру, ішкі бақылауды жүргізу, еңбек туралы заңнаманы және қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін сақтау.

Кәсіпорынның басшылығы және еңбекті қорғау қызметі жұмыскерлері үшін олардың өндірістік қызметінде басты мақсаттары жұмыс істейтіндердің денсаулығы мен өмірлерін сақтау, олардың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады, сондықтан жыл сайын өндірістік жарақаттың, аурулардың алдын алуға және жұмысшылардың денсаулығын нығайтуға бағытталған, еңбек жағдайларын жақсарту жөнінде іс-шаралар әзірленеді.

Орындалатын жұмыстар қауіпсіздігін, зияндығын, ауырлығын, күрделілігін анықтау, еңбек гигиенасы мен өндірістік орта жағдайларының қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында өндірістік орта нормативтеріне сәйкестігін анықтау мақсатында, төрт жылда 1 реттен кем емес еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестациялау жүргізіледі. Кәсіпорында 2022 жылы еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын кезекті аттестациялау, саны 95 жұмыс орнына жүргізілді.

   Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмысшылар кәсібі бойынша оқытуды және білімдерін тексеруді (жүк ілдіруші, АГК бесігінің жұмысшысы, автокран машинисі, АГК-22.04 машинисі, компрессор машинисі, манипулятор машинисі), крандармен қауіпсіз өндірістік жұмыс үшін жауапті адамдар жыл сайын жүргізеді. Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу емтиханын тапсырғандар, кәсіпорын бойынша білімдерін тексеру хаттамасы негізінде жұмыс істеуге – бұйрықпен рұқсат беріледі. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмысшылар кәсібі бойынша оқу оқып білімдерін тексеруден 2023 жылы – 137 адам өтті.

     Кіріспе нұсқаулық Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі мен «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС бас директоры бекіткен бағдарлама бойынша жүргізіледі. Кіріспе нұсқаулық жұмысқа жаңадан қабылданып жатқан барлық жұмысшылармен, соның ішінде маусымға және уақытша, оқушылар мен студенттер, өндірістік тәжірибеден өтуге келгендерге де жүргізіледі.

    Алғашқы нұсқаулықты жұмыс орнында қайталап, жоспардан тыс және мақсатты нұсқаулықты (шебер, прораб, учаске бастықтары) белгіленген тәртіпте еңбекті қорғау талаптарына оқытудан және білімдерін тексеруден өткен тікелей басшылары өткізеді. Нұсқаулықтың көлемі мен мазмұнын әр бір нақты жағдайда бағдарламаға байланысты, оны өткізу қажеттілігі туындаған себебі мен жағдайын ескеріп белгілейді.

       Кәсіпорынның жұмыскерлерінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өмірлеріне және денсаулығына залал келтірілгенде мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін, осы мақсатта сақтандыру компаниясымен жыл сайын шарт жасасылады. Жазатайым жағдайдан жұмысшының міндетті сақтандыру шарты тек қана аннуитетті сақтандыру класы және міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру қызметін жүргізу құқығына лицензиясы бар сақтандырушы ғана жасай алады.  

    «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 250 адам жұмысшыларын міндетті алдын ала медициналық қарау жыл сайын жүргізіледі.  

       

  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter