Кәсіпорында маусымда 20 ұлт өкілдерінен, 1900 адамға дейін жұмыс істейді. Ұжымдық шартқа сәйкес кәсіпорын жұмысшыларына қажетті еңбек жағдайы жасалған, бұл: автокөлікпен жұмысшыларды жеткізу ұйымдастырылған, барлық жұмысшылар арнайы киіммен және жұмыс жүргізілетін жерде, объектілерде инвентармен қамтамасыз етілген, демалыс орындары да жабдықталған.