Еңбекті қорғау қызметінің жұмыскерлері және кәсіпорын басшылығы үшін артықшылығы олардың өндірістік қызметтерінде жұмысшылардың денсаулығы мен өмірін сақтау болып табылады, олардың құқығы қорғалуын қамтамасыз ету, сондықтан жұмысшылардың өндірістік жарақат алуын ескерту, аурудың алдын алу және денсаулықтарын нығайтуға бағытталған еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жыл сайын әзірленеді.
Жүйелі түрде үш жылда бір рет «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыскерлерге оқыту өткізу, нұсқау беру және білімдерін тексеру ережелері», сондай-ақ «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС бұйрығы негізінде оқу орталықтары базасында қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша басшылық және инженерлік-техникалық құрамын оқыту және білімін тексеру ұйымдастырылған.
Жұмысшылар кәсіптері бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша (жүк байлаушылар, АГК аспасы жұмысшысы, автокран машинисі, АГК-22.04 машинисі, компрессор машинисі, манипулятор машинисі) жұмысшыларды, крандармен жұмыс істеудің қауіпсіз өндірісі үшін жауаптыларды жыл сайын оқыту және білімін тексеру. Кәсіпорын бойынша білімдерін тексеру хаттамасы негізінде, қауіпсіз жұмысты жүргізу бойынша емтихан тапсырғандар рұқсат-бұйрықпен жұмысқа рұқсат беріледі. 2022 жылы жұмысшылар кәсіптері бойынша ҚжЕҚ 230 адам оқудан өтіп және білімдері тексерілді.
ҚжЕҚ қызметі әзірлеген және «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС бас директоры бекіткен бағдарлама бойынша жұмысқа жаңадан кірген жұмысшылар, соның ішінде маусымдық және уақытша кірген жұмысшылар, өндірістік машықтан өту үшін келген оқушылар мен студенттерге кіріспе нұсқамалықтар жүргізіледі.
Жұмыс орнында алғашқы, қайталанған, жоспардан тыс және мақсатты нұсқамалықтарды еңбекті қорғау талаптарын белгіленген тәртіпте оқудан өтіп және білімі тексерілген тікелей басшылары (шебер, прораб, учаске бастығы) жүргізеді. Нұсқамалықтар көлемі мен мазмұны әр бір нақты жағдайда оны өткізу қажеттілігінен туындаған себептер мен жайттерге байланысты белгіленеді.
Кәсіпорын еңбек жағдайын үнемі жақсартып отырады және осы салада қызметін жетілдіруге бағытталған конкурстарға қатысады. «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС «Парыз», «Сенім» конкурстарына қатысып тұрады.