«Астана-Көгалдандыру құрылысы» Акционарлік қоғамы «Зеленстрой» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын қайта құру жолымен Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 05 шілдедегі №3-1-480п қаулысымен құрылған. «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС құрылтайшысы жарғылық капиталында 100% акция пакетіне ие Астана қаласы әкімдігі болып табылады. Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты, Астана қаласының жаңа құрылыстары мен жасыл желектерін ағымда күтіп ұстау. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері мыналар болып табылады: Жасыл екпелерді – ағаштар, тал-шіліктер, гүлзарлар, көгалдар, басқа жасыл екпелерді күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар; Ағаштар мен тал-шіліктер, гүлдер отырғызу, көгал егістерін егу; Көгалдар мен гүлзарлар құру және жөндеу; Өсімдіктер зиянкестері және ауруларымен күресу, залалсыздандыру жұмыстар; Суаратын су құбырларын орнату және күтіп ұстау; Саябақтар, шағын бақтар мен басқа объектілерді абаттандыру жөніндегі жұмыстар; Субұрқақтарды ұстау, қысқа қымтап жабу және ашу; Ландшафтық жобалау мен дизайн қызметтері, жобалау-сметалық құжаттарды жасау; Саябақтар, шағын бақтар, көшелерді қолмен және механикалы сыпырып жинау; Меншікті отырғызу материалдарын сату. Меншікті отырғызу материалдарын өсіру (безендіру көшеттері мен бұталар); Жүктелген міндеттерді шешу үшін, кәсіпорын құрылымында отырғызу материалдарын өсіретін екі орман тәлімбағы, фенологиялық байқау жүргізу үшін дендрологиялық бақ, ағашты-бұталы және көп жылғы өсімдіктерді интродукциялау, гүл көшеттерін өсіру үшін жылыжай кешені, жасыл және күрделі құрылыс қызметтері, жасыл екпелерді қорғау қызметі, субұрқақтарды күтіп ұстау жөніндегі қызметі, саны 228 бірлік машина-трактор паркі мен жөндеу-механикалық шеберхана, ландшафтық дизайн тәсілдерін қолданып көгалдандыру объектілерін жобалау үшін жобалау-ландшафтық шеберханасы бар. Негізінде астананы көгалдандыру үшін «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС 2 тәлімбағы аумағында өсірілген отырғызу материалдарымен жүргізіледі, бірінші тәлімбақтың алаңы 349 га және екінші тәлімбақ алаңы 30 га. Осы тәлімбақтарда ағашты-бұталы дақылының 50-ден аса түрлері өсіріледі. 2016 жылы «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС персоналының орташа есеппен саны 1760 адамды құрайды. |