Астана қаласын көгалдандыру кезінде, табиғи-климаттық жағдайды есепке ала отырып, басты рөлде ағаштар мен бұталар отырғызу болып табылады. Ағаштар түрлі топтар мен композициялармен саябақтар мен шағын бақтарда, сондай-ақ жолдар бойында, ғимараттар алдында қатар композиция құрылып отырғызылады. Бұталар жекелей тұрған немесе қатар-қатар тірі қоршау құрып түрлі геометриялық нысанымен немесе оюланып отырғызылады. Біздің өңірдің күрделі табиғи-климаттық жағдайы «Астана қаласының жасыл екпелерін құру және күтіп ұстау жөніндегі ұсыныстарды» ағаштар мен бұталар отырғызған кезде мұқият сақтауды талап етеді. Жасыл екпелердің түп алып және әрі қарай сақталуын қамтамасыз ету отырғызу материалының сапасына, отырғызу технологиясы дұрыс екендігіне, күту жұмыстары уақытында жүргізілуіне (суару, тыңайтқыш енгізу, зиянкестер мен аурулардан қорғау және т.б.) тікелей байланысты. Ағаштар мен бұталарды ағымда күтіп ұстау, оларды қырқып отыруды да ескеріледі. Қырқудың мынадай түрлері болады: санитарлық, жасарту, нысан беру. Ағаштардың бойын санитарлық кесу, құрғақ бұталары мен тармақтарын, сондай-ақ ескі, ауырған, кеуіп қалған және зақымданған бұталарын жоюды ескереді. Ағашты жасартып кесу, өсуіне ықпал беру және жасарту мақсатында, жаңа бұтақтар (бұта) пайда болуы және жасыл жапырақтарын ұлғайту үшін, жасы жоғары және кеуіп қалған ұшар басын қырқу жүргізіледі. Нысанды қырқу қаңқалы бұталар бір келкі орналасуына, бойлары бір келкі болуы үшін ағаштар мен бұталарды түзетіп, қажетті қалыпқа келтіріп кесіледі. |