Біздің миссия - «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС (бұдан былай – Кәсіпорын) үнемі даму және оң іскерлік беделді жеңіп алу.
Біздің стратегиямыз – бәсекелестікті арттыру, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрақты кіріс алу және акционерлер, персонал, қоғам мен тұтынушылар мүддесінде кәсіпорынды дамыту.
Кәсіпорынның жалпы іскерлік саясатының ажыратылмайтын бөлігі Сапа саласындағы саясат болып табылады.
Сапа саласындағы саясатты жүзеге асыру мынадай жолдармен қамтамасыз етіледі:
- кәсіпорынның техникалық және технологиялық жабдықтануын арттыру;
- гүлді және сәнді дақылдардың жаңа түрлерін өңдеу мен енгізу және қолдаыстағы барларын жетілдіру;
- шығарылатын өнімнің тұтынушылық қасиеттерін үнемі жақсарту;
- өндіріс көлемдерін тұрақты ұлғайту және тауар өнімін жүктеу;
- шығындарды азайту;
- барлық деңгейдегі персоналды жүйелі оқыту және біліктіліктерін арттыру;
- кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіру;
- тұтынушылар алдында шарттық міндеттемелерді айқын және тиісті орындау;
- командада жұмыс машығын қалыптастыру, жеке және ұжымдық іздену мен шешім қабылдау;
- өнім берушілермен өзара ұтымды қатынастар құру;
- кәсіпорында өндірілетін өнім бойынша тұтынушының максималды қанағаттандырылуын қамтамасыз ету;
- өндірістің тиімділігін арттыру және стратегияны орындау үшін персоналды уәждеу, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету.
Басшылық Сапа саласындағы саясатқа енуді, барлық персоналға оның ережелерін жеткізуді және өндірістің барлық деңгейінде түсіністікті қамтамасыз етеді.
Жоғарғы басшылық Сапа саласындағы саясатты белгіледі және сапа менеджменті жүйесінің ҚР СТ ІSО 9001-2016 стандарт талаптарына сәйкестігін және оның нәтижелілігін үнемі арттыру үшін қажетті қорларды бөлуді қамтамасыз ету міндеттемесін алады.