«Астана-Зеленстрой» ЖШС кәсіпорыны жетекші маман Сабит Қорғанұлы Амирхамзинды зейнеткерлікке шығарып салды.
Сабит Амирхамзин өмірінің 19 жылын «Астана-Зеленстрой» ЖШС кәсіпорынына арнады. Ол еңбек жолын 2005 жылы Абаттандыру қызметінің бастығы ретінде бастап, өндірістік бақылау бөлімінің бас маманы, прораб, инженер, жетекші маман болып жалғастырады. Елордамыздың көгалдандыруына үлесін қосқан Сабит Қорғанұлы өзінің байсалдығымен қоса, өзектілігімен көзге түскен.
Сабит Қорғанұлы өз қызметін жергілікті суару жүйесі бөлімінде жетекші маман болып аяқтап, ұзақ жылдар бойы атқарған елеулі еңбегі үшін әріптестері мен басшылығы арасында үлкен құрметке ие болды. Осы себепке орай ұйым қызметкерлерімен кездесу барысында, «Астана-Зеленстрой» ЖШС бас директоры Арман Мукатов Сабит Қорғанұлын бірнеше алғыс хатпен марапаттады. Бөлім атынан құрметті зейнеткерге шапан кигізіліп, Кәсіподақ атынан төс белгі мен грамота ұсынылды.
Жиын соңында әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, Сабит Қорғанұлының қуанышына ортақтасты.