8 (7172) 53-31-08

Мемлекеттік сатып алулар конкурстарында бірлесіп қатысу үшін «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС қосалқы ұйымдарында  алдын ала біліктілік іріктеу өткізу туралы хабарлама

Қосымшаны сақтау

«Астана-Көгалдандыру құрылысы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, пошталық мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Пушкин көшесі, 45 үй, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. мемлекеттік сатып алулар конкурстарында бірлесіп қатысу үшін «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС қосалқы ұйымдарында алдын ала біліктілік іріктеу өткізу туралы хабарлайды.

Мемлекеттік сатып алулар конкурсінің атауы және нөмірі

Жалпы пайдалану орындарында жасыл екпелерді отырғызу және ағымда күтіп ұстау.

Хабарлама № 9597922-1.

Лот атауы және нөмірі

Жасыл екпелерді күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар 60504461-ОК1

жасыл екпелерді өсіру, бейімдеу және өңдеу түрлері бойынша сынақ зерттеулер жүргізіп және ұсыныстарды беріп дендрологиялық бақты пайдалану жөніндегі жұмыстар.

            Біліктілік талаптар:

            1. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты есе асатын салық берешегінің болмауы.

            2. Банкроттық немесе таратылу үрдісіне жатпау.

3. Қажетті материалдық және еңбек қорларының болуы:

            Меншік немесе жалға алу құқығындағы жер телімі, 2,0 га кем емес алаңы бар меншік немесе жалға алу құқығында, ашық топырақта ағаш-бұталы өсімдіктер коллекциясы егілген, Дендрологиялық бақтың мақсаттық тағайындалуы;

            - Агроном – 1 адам;

            - Дендролог - 1 адам;

            - Жұмысшылар - 5 адамнан кем емес.

            4. Соңғы 10 жыл ішінде конкурста сатып алынатын ұқсас (үйлесті) жұмыс өтілінің болуы.

            5. Егіншілік шаруашылығы немесе орман шаруашылығы, өсімдіктердің биотехнологиясы мен селекциясы, өсімдіктердің қорғалуы мен карантині саласында ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастығы.

            Әлеуетті қосалқы мердігер біліктілік талабын растау үшін мынадай құжаттар ұсынуы тиіс:

            1. Ерікті нысанда біліктілік іріктеуге қатысуға өтініш;

            2. Әлеуетті қосалқы мердігер ұйымның біліктілігі туралы сайтта орналастырылған нысанға сәйкес мәліметтері;

            3. Әлеуетті қосалқы мердігер ұйымы біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.

            Біліктілік іріктеуге қатысуға өтінім, сондай-ақ өтінімге қатысты барлық корреспонденция мен құжаттар қазақша және орыс тілдерінде құрастырылып және ұсынылады.

            Біліктілік іріктеуге қатысуға өтінімдерді, конвертке желімдеп, «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС әлеуетті қосалқы мердігерлер 010000, Астана қаласы, Пушкин көшесі, 45 үй мекенжайы бойынша ұсынады (жолдайды).

            Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 14 сәуірге, 18 сағат 00 минутқа дейін. Біліктілік іріктеуге қатысуға өтінімдерімен конверттер 2023 жылғы 17 сәуірге, 15 сағат  00 минутқа дейін мына мекенжай бойынша ашылып және қаралады: 010000, Астана қаласы, Пушкин көшесі, 45 үй, мәжіліс залы.

            Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8(7172)533108(ішкі 118).

            Комиссия хатшысы М.К.Умбетова, тел. 8(7172)533108(ішкі 118).

 

Біліктілігі туралы мәліметтер

(Біліктілік іріктеуге қатысқан кезде әлеуетті қосалқы мердігер ұйымы толтырады)

Әлеуетті қосалқы мердігер ұйымның атауы, БСН, ЖСН _____________

Лот атауы және нөмірі ____________

1. Әлеуетті қосалқы мердігер ұйымның орындалған жұмыстар көлемі (ұқсас, үйлесті), соңғы 10 жыл ішінде, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беріп (болған жағдайда толтырылады).

Жұмыс атауы

Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан жері)

Тапсырыс берушінің атауы

Жұмысты аяқтау жылы, айы

Растайтын құжаттың атауы, күні, нөмірі

Шарттың құны, теңге

           

2. Әлеуетті қосалқы мердігер ұйымы жұмыстарды орындау үшін қажетті растайтын құжаттарының көшірмелерін қоса беріп құрал жабдығының (механизмдері, машиналары), немесе ұқсас (қосымша) құрал жабдығының (механизмдері, машиналары).

Құрал жабдығының атауы (механизмдері, машиналары)

Бар бірліктеінің саны

Жағдайы (жаңа, жақсы, нашар)

Меншікті (меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса береді), жалға алынған (кімнен алған және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса береді)

Растайтын құжаттың атауы, күні, нөмірі

           

3. Еңбек қоры туралы мәліметтер, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса береді.

Жұмысшылардың аты-жөні болған жағдайда) жеке куәлігінің көшірмесін қоса беру

Лауазымы

Азаматтығы

Білімі туралы құжаты бойынша біліктілігі (білімі туралы құжаттың көшірмесін қоса беру)

1.

       

2.

       

Басшының қолы, мөрі __________________________

  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter