8 (7172) 53-31-08

ҚСРО Министрлер кеңесі жанындағы Мемлекеттік штаттық комиссияның 1950 жылғы 2 қыркүйектегі №24-2799 рұқсатына сәйкес, ҚазКСР Коммуналдық шаруашылық министрлігінің 1950 жылғы 5 қазандағы №351 бұйрығымен, Ақмола облыстық Коммуналдық шаруашылығы бойынша 1950 жылғы 12 қазандағы бұйрығымен Ақмола қаласында толық шаруашылық есеп айырысып, өз балансында ағымдағы және есеп айырысу шоттарын ашып жол және жасыл шаруашылығы конторасы ұйымдастырылды. Контораның балансына Ақмола қаласының жол және жасыл шаруашылығы, орман тәлімбағы, сондай-ақ қазақ және орыс зейраттары қабылданды. Жол және жасыл шаруашылығы конторасына құрылыс, жолдарды, шағын бақтар мен саябақтарды жөндеу және күтіп ұстау функциялары жүктелді.

Кәсіпорын 1962 жылы Целиноград қаласының «Горзеленстрой» басқармасы болып қайта құрылды..

ҚазКСР Коммуналдық шаруашылық министрлігінің 1969 жылғы 28 шілдедегі №169 бұйрығы бойынша Целиноград қаласында 1969 жылғы 1 тамыздан бастап «Чубары» совхозы ұйымдастырылды. Совхоздың бағыты – декоративті бағбаншылық және гүл өсіру шаруашылығы. Целиноград қаласының «Горзеленстрой» басқармасынан сол министрліктің отырғызу материалдарын өсіру және өнімді сату жөніндегі функциялары «Чубары» совхозына табысталды және олар совхоздың негізгі қызметі болып белгіленді.

1972 жылы «Горзеленстрой» басқармасынан «Чубары» совхозы балансына дендробақ берілді.

1988 жылы «Чубары» совхозы мен «Горзеленстрой» басқармасы қосылды.

1995 жылы Ақмола қаласы Әкімі аппараты жанынан Абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі басқармасы құрылды.

1998 жылы Абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі басқарма мен басқа қалалық коммуналдық қызметтері «Горкоммунхоз» мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.

2001 жылы қала мәртебесі өзгеруіне байланысты «Горкоммунхоз» МК Абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі басқармасы қайта құрылып шаруашылық жүргізу құқығымен «Зеленстрой» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып бөлінді, оның негізгі қызмет мақсаты жалпы пайдалану аумақтарын көгалдандыру және абаттандырылған қала ортасын құру болып табылды.

Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 05 шілдедегі №3-1-480п қаулысымен «Зеленстрой» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын қайта құру жолымен «Астана-Көгалдандыру» акционерлік қоғамы болып құрылды. «Астана-Көгалдандыру» АҚ құрылтайшысы жарғылық капиталында 100% акция пакетіне ие Астана қаласының әкімдігі болып табылады. Кәсіпорынның негізгі қызмет мақсаты Астана қаласының жасыл қорын ағымда күтіп ұстау және жаңа құрылыс болып табылады.

«Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 06 қарашадағы №501 – 1806 қаулысына сәйкес «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС жалғыз акционері болып «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ болып табылады.

«Астана-Көгалдандыру құрылысы» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 15 ақпандағы шешімі бойынша «Астана-Көгалдандыру құрылысы» АҚ меншік нысаны ауысуына байланысты 2019 жылғы 19 қыркүйекте «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС мәртебесі берілді.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұр-Сұлтан қаласы коммуналдық меншігінің кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 26 тамыздағы №501-2382 қаулысына сәйкес кәсіпорынды басқару жөнінде «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» Мемлекеттік мекемесі уәкілетті орган болып белгіленді.

  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter