8 (7172) 53-31-08

«Астана-Көгалдандыру құрылысы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, пошталық мекенжайы: 010000, Астана қ., Пушкин көшесі, ғ. 45, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Мемлекеттік сатып алуға бірлесіп қатысу үшін «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС қосалқы мердігерлік ұйымдарының алдын ала біліктілік іріктеуін өткізу туралы хабарлайды.

Мемлекеттік сатып алу конкурсының атауы және нөмірі

Жалпы пайдалану орындарында жасыл желектерді ағымда күтіп ұстау

хабарландыру № 10880716-1.

Лоттың атауы және нөмірлері

Жасыл екпелерді күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар 60658124-ОК3

Біліктілік талаптары:

Барлық әлеуетті қосалқы мердігерлік ұйымдарға қойылатын жалпы талаптар:

1. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы.

2. Банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпауы.

Әлеуетті қосалқы мердігерлік ұйым тартылатын жұмыс түріне байланысты біліктілік талаптары:

1. Жұмыс түрі-жасыл екпелерді күту бойынша ұсыныстар беру мақсатында жасыл екпелерді зерттеу жұмыстары

Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы:

- Дендрологиялық бақтың нысаналы мақсаты бар меншік құқығындағы немесе жалдау шартындағы жер учаскесі, онда меншік немесе жалдау құқығымен ашық топырақта өсірілетін, ауданы кемінде 2,0 га ағаш-бұта өсімдіктерінің коллекциясы орналасқан.

2. Жұмыс түрі - жасыл екпелерді химиялық өңдеу және тыңайтқыштар енгізу жұмыстары

1) қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы:

- Пестицидтерді (улы химикаттарды) меншік немесе жалға алу құқығымен сақтауға арналған қойма.

2) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға, пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізуге, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға лицензияның болуы.

Әлеуетті қосалқы мердігер біліктілік талаптарын растау үшін мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс:

1. Еркін нысанда біліктілік іріктеуге қатысуға өтінім.

2. Сайтта орналастырылған нысанға сәйкес әлеуетті қосалқы мердігерлік ұйымның біліктілігі туралы мәліметтер.

3. Әлеуетті қосалқы мердігерлік ұйымның біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

Біліктілік іріктеуге қатысуға өтінім, сондай-ақ өтінімге қатысты барлық хат-хабарлар мен құжаттар өтініш берушінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады және ұсынылады.

Конверттерге мөрленген біліктілік іріктеуге қатысуға өтінімдерді әлеуетті қосалқы мердігерлік ұйымдар «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС 010000, Астана қаласы, Пушкин көшесі, 45-үй мекенжайы бойынша ұсынады (жібереді).

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 27 қазанда 15 сағат 00 минутқа дейін. Біліктілік іріктеуге қатысуға өтінімдері бар конверттер 2023 жылғы 27 қазанда сағат 17:00-де мынадай мекенжай бойынша ашылады және қаралады: 010000, Астана қ., Пушкин к-сі, 45, мәжіліс залы.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы телефон арқылы алуға болады:

8 (717-2) 533108 (ішкі.118).

Комиссия хатшысы М.К.Умбетова, тел.8(717-2)533108 (ішкі.118).

________________________________

  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter