8 (7172) 53-31-08

Жұмысшылар – кәсіподақ мүшелері құқығын қорғау саласындағы негізгі құжат ұжымдық шарт болып табылады. «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС әкімшілігі мен «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС «Жұмыскерлердің кәсіп одағы» ШҚ арасында жасасылған 2022-2024 жылдарға арналған ұжымдық шартқа сәйкес, жұмыс беруші өзінің жұмыскерлеріне мынадай әлеуметтік жеңілдіктердің пакетін ұсынады.

Кәсіподақ комитетіне кепілдіктер:

1. Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекті төлеу қорының есептелген сомасынан 0,5%, мәдени-көпшілік, спорттық және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін кәсіподақ ұйымының есеп айырысу шотына ай сайын аударылады.

2. Барлық жұмысшыларға, жылсайынғы еңбек демалысы, ұзақтығы 30 күнтізбелік күн белгіленген (Еңбек кодексі бойынша - 24 күнтізбелік күн). Зиянды жағдайда жұмыс істейтіндерге - 36 күнтізбелік күн.

3. Әкімшілік кәсіпорынның автокөлігімен бекітілген маршрут бойынша жұмыскерлердің жұмысқа және жұмыстан үйіне жеткізуді қамтамасыз етеді, ал қызметтік көлік берілмеген жағдайда Кәсіпорын жол жүру билеттерін сатып алып, жұмысшыларға тегін береді.

4. Кәсіпорын әкімшілігі адамдардың денсаулығына қамқорлықпен қарап, тістері мен қызыл иектерін емдеуге 25 000 теңге протездеуге 35 000 теңге сомасына стоматогиялық қызметтерді төлейді.

2017 жылдан бері жұмысшының еңбек демалысына шығыуына байланысты  жыл ішінде лауазымдық жалақы мөлшерінде жылына бір рет сауықтыру жәрдемақысы төленеді.

5. Қалада жалғыз біздің кәсіпорын жұмысқа немесе жұмыстан жол жүру барысында жарақат алған жағдайда, еңбекке жарамсыздық парақтарын 100% төлейді.

6. Жұмысшыларға, жылдың суық мезгілінде ашық ауада және жаппай гүлзарларды  отырғызу жұмыстары кезінде ұзақтығы 15 минуттан екі арнайы үзіліс беріледі. Арнайы үзілістер жұмыс уақытына кіреді.

7. Жасыл екпелерді қорғау қызметінің жұмысшылары улы химикаттармен түнгі уақытта жұмыс істеген кезде, сондай-ақ гүл отырғызу науқаны жүргенде көгалдандыру құрылысы қызметінің жұмысшыларына мерзімінен тыс уақытта жұмыс істегенде тегін ыстық тамақ ұйымдастырылады.

8.  Мерейтойларымен құрметтеу – 5060, 70 жасқа толғанда, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ынталандыруға, сондай-ақ кәсіпорында бес жылдан артық жұмыс істеп зейнетке шығатын жұмыскерге лауазымдық жалақы мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінеді.

9. Әкімшілік кәсіподақ ұйымымен бірлесіп жұмысшылардың балаларына демалысын сауықтыру орталықтарына (лагерлер) 70 жолдама сатып алуды ұйымдастырады, 35 жолдама тегін беріледі, 35 жолдаманың 20% жұмысшы төлейді.

10. Әкімшілік кәсіподақ ұйымымен бірлесіп жұмысшыларға мынадай жағдайда ақшалай қаражат бөледі:

  • санаторлық-курорттық емделуге екі жылда бір рет 40 АЕК есебінен путевка сатып алу, ал жасыл екпелерді қорғау қызметінің жұмысшыларына зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер ретінде жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге 90 000 теңгеге дейін төлеу;
  • бірінші рет неке киюуына байланысты – 20 000 теңге;
  • бала туғанда - 12 000 теңге;
  • спорт сарайларына баруға абонемент құнының 50 % төлеу;
  • спорт киімдерін сатып алу;
  • біздің жұмысшы жастарға машығу және сайысқа қатысу үшін спорт алаңдарын және жабық спорт кешендерін жалға алу.

11. Жұмысшылардың отбасыларына төтенше жағдайда (үйлері мен пәтерлерін су басу, өрт болғанда) материалдық көмек беріледі, жұмысшының өзі немесе оның туыстары (ата-анасы, жұбайы, баласы) қайтыс болғанда -  50 АЕК.

12. Мемлекеттік және ұлттық мейрамдарды тойлағанда мәдени-көпшілік іс-шара өткізуге ақшалай қаражат бөлінеді.

13. Қысқы уақытта, ауа райы жағдайына байланысты қала сыртына автокөлік шығарылмағанда, қалада тұрмайтындарға кәсіпорын қаражаты есебінен түнеп шығуы және тамақпен қамтамасыз етіледі.

14. Әкімшіліктің ықпалымен, кәсіпорын жұмысшыларының көптеген сұрауларын есепке алып тұрғын-үй-құрылыс кооперативі (ТҚК) құрылып жұмыс істейді.

  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter