8 (7172) 53-31-08

Астана қаласы қала құрылысымен айтарлықтай күрделенген, біркелкі емес табиғи-техногендік жағдайға толы. Сондықтан көгалдандыру сипаты да табиғи-техногендік жағдайына, экологиялық және әлеуметтік-мәдени жайттарына сайма-сай ерекше болуы тиіс.

Қаланың экожүйесін жақсарту мақсатында, экологияланған орталар құру арқылы, яғни қала іші мен шеттерінде экологияны дамытуға және жайлы орта құруға ықпал беретін ірі жасыл алаптар салып, көгалдандырылған бар жүйелерін бұдан әрі дамыту ұсынылып отыр. Ірі жасыл алқаптар – қала бақтары астананы экологияландырудың белгілі факторы болып табылады, ал жасыл дәліздер жүйесі транзиттік және декоративті қорғау функциясын атқара отырып, олар мен астананы қошап тұрған қала сыртындағы табиғи аумақтармен байланыстыратын буын болмақшы.

Астана қаласын көгалдандырудың осы жүйесі қала аумақтарын аудандарға бөле, кешенді ландшафтық-экологиялық бағамен дәлелденіп отыр. Ол жүйелі орналасқан түрлі көгалдандырылған құрылымынан құрылған, әр түрлі жасыл өңірлермен жалғасады. Көгалдандыру жүйесінің басты компоненттері ірі саябақ массивтері болып табылады, ең басты жасыл дәліз (Есіл өзені бойы) және оларды жан жақтан (Ақбұлақ ө., Сарыбұлақ ө., Майбұлақ көлі және т.с.) жалғастырған жасыл дәліздер. Көгалдандыру өңірлерінің конфигурациясы жасыл дәліздері қиылысынан өтетін блокты-белдеулі алаңдар болып табылады.

Ерекше мәнді гүлге толы, көгал алаңдарына, шағын сәулетті қалыптарға және саябақ құрылғыларына бай көгалдандырудың осы жүйесі, кеңістіктерді эстетикалық қабылдауға және қоршаған ортаның (көгалдандыру сұлбасы) эко жүйесін қалыптастыруға игілі ықпалын беретін болады.

Осылайша, астанаға көкке бөленген әсер беретіндей, яғни оны ораған жасыл екпелер бірқалыпты трасса бойымен көгалдандырып өткізу жоспарлануда, олар өз кезегінде тамаша күтілген қалалық шағын бақтар және саябақтармен біртіңдеп жалғасатын болады.

 «Астана-Зеленстрой» ЖШС қаланы дамытудың бас жоспарына сәйкес елорданы көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Астана және Астананың 2030 жылға дейінгі «Жасылдандыру тұжырымдамасы»

Қолданыстағы абаттандыру схемасы:

chema

  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter