8 (7172) 53-31-08

«Астана-көгалдандыру құрылысы» ЖШС дендрологиялық бағы декоративтік ағаш-бұталы түрлерін, көп жылғы гүлдер мен шөпті өсімдіктерді бейімдеу мен жерсіну үшін, оларды өсіру және қаланы көгалдандыруға қолдану мақсатына арналған.

Дендрологиялық бақтың алаңы 2,53 га құрайды.

Дендрологиялық бақта жерсіндірілген түрлерін өсіру үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады: тұқымнан, жасыл қалемшеден, ағаштанған қалемшеден, тамырлы қалемшеден, бұтаны бөлу арқылы.

Тұқыммен жақсы өніп-өсетіндер: тобылғы, алма ағашы, шетен ағашы, мамыргүл, аюбадам, шаянот, бөріқарақат, сабақты емен.

Жасыл қалемшеден (мамырдың аяғы – маусымның басы) жақсы түб алып кететіндер: қызжүзім, каприфоль ұшқаты, жыңғыл, аршалар, аюбадам, сүмбіл терек, әулиеағаш, қарақат (қара, қызыл). Осы барлық тұқымдар жоғары-сәнді өсімдіктер және Астананы көгалдандыруға ұсынылады. Тамыр алып кетуі 30-дан 60 % дейін.

Бұтаны бөлу арқылы қаланың шағын бақтарында итмұрындар, бөріқарақаттар, қаржемістер, бояу бекіштері түп алып кетті.

Көп жылғы гүлдерді өсіру үшін аумақта алаңы 500 м2 жылыжай салынды.

  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter