8 (7172) 53-31-08

Астана екпінді өсіп және оның дамуы үшін көшелерді, шағын бақтар, алаңдар мен саябақтарды көгалдандыру үшін гүлдерді пайдалану қажеттілігі ұлғайып келеді. Гүл көшеттеріне сұранысты қанағаттандыру үшін, жабық топырақта гүл өсіру шаруашылығы дамып жатыр.

Жылыжайда жұмыс істейтін гүл өсірушілердің мақсаты – астананың алаңдарын, желекжолдарын, көшелерін, саябақтарын көгалдандыру үшін қуатты, әдемі, ірі өсімдіктер қажет екені анық.

Өсімдіктердің оңтайлы өсуі мен дамуы үшін экологиялық аудан мен өңірлердің сипатты орта факторларының біркелкі үйлесімі қажет. Оның негізгі факторлары мынадай: өсімдіктерді минералды қоректену элементтерімен қамтамасыз ететін және оларға механикалық тірек болып табылатын топырақ, сондай-ақ жылы ауа райы, күн сәулесі, ылғалдылық пен ауа. Жергілікті өңірде жыл бойы осы факторларды сақтау тек қана жылыжай ішінде сақтауға ғана мүмкіндік бар. 

Кәсіпорынның жылыжай кешенінде бір жылғы және тоқылып өсетін гүлдер көшеттері өндірісімен айналысады. Жылыжай шаруашылығының пайдалы алаңы 15860 м2 құрайды. Жылыжайда жыл ішінде тоқылып өсетін гүлдер көшеттері түптеу тәсілімен өсіріледі және көбейтіледі.

  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter