8 (7172) 53-31-08

Бүгінгі күні қалалық гүлбақтар Астананың мақтанышы және оның ландшафттарының ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Гүлдер тек безендіріп қана қоймай, басқа пайдалы функцияларды атқарады. Ландшафтық дизайн элементтерімен бірлесіп үйлескен – тастармен, сумен, шөптермен, мүсіндермен, көгалдармен гүлді композиция кешендері құрылады.

Гүлбақтардың көмегімен салтанатты алаңдар, саябақтар, шағын бақтар мен бульварларда жоспарлы шешімдер рәсімделіп аумақтар көркейтіледі. Гүлбақтар өсімдіктерін дұрыс пайдалану арқылы көп мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады, мысалы, ландшафттарды үндестіру, адамдарға пайдалы әсер беріп, көңіл күйлерін көтеретін үйлесімдіктер таңдалады.

Гүбақтардың негізгі мағынасы – ландшафты әрлеу, өйткені ортаны «тірілтіп» көзге әсер береді, жайлылық пен ыңғайлық туғызады. Гүлбақтар арасында түрлі өлшемді гүлзарлар, рабаткалар (тігінен гүлді жиектейтін жолақтар), арабескалар (көгалдағы гүлбақтың оюлы элементтері), гүлді миксбордерлер (көп жылғы гүлдер үстемділігі), бордюрлер. Әдетте кез келген стильде ландшафтық дизайнді жобалаған кезде, жергілікті жерге, адамдардың қалауына, өңірдің орналасқан жеріне және функционалды тағайындалуына сәйкес келтіріліп жасалады. Бұны ескерген жөн, өйткені оларды орналастыру өзекті сәт болып табылады, мысалы, кереғар түсті инерттік материалдармен декоративтік-жапырақты бұталар аралас көгал аясында гүлбақтар көзтартарлық әсер береді.

  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter