8 (7172) 53-31-08

Көгал алаңдары – көгалдандырудағы ажыратылмайтын элементі. Шөп ландшафтің табиғи бөлігі болып табылады, жасыл түс тек тыныштандырып қана қоймай, барлық жасыл кешенге үндестік береді. Әдемі безендірілген, қуантарлық жайлы ахуал жасалған көгал алаңдары міндетті түрде демалыс орындарына айналады. Бұдан басқа біздің қаламыздың жағдайында – ол шаңнан қорғайды.

Көгал алаңдары белгілі аумақтың әдеттегі көп жылғы дәнді дақылдар егілген табиғи немесе жасанды шөп жамылғысынан құрайды. Қазіргі уақытта көгал алаңдарына көп көңіл бөлінген – бұл таң қаларлық емес, өйткені олардың эстетикалық және практикалық мағынасы өте зор. Көгал алаңдарының екі негізгі тобы бар: декоративтік және арнаулы мағынасы бар. Декоративтік көгал алаңдары жаңаша көгалдандыруда пайдаланылады, оған партерлік, саябақ (бау), шалғын үлгілі, көп жылғы сұлу гүлдейтін және мавритандық (бір жылғы сұлу гүлдейтін) өсімдіктер кіреді. Арнаулы мағынасы бар жасыл жабындыларға спорттық көгал алаңдары жатады, аэродромдық шабындық, жолды бөлетін жолақтар, еңістер бекітпесі, футбол алаңы, гольф-алаңы және т.с. Көгал алаңдары жабындысы егілген немесе рулондық болуы мүмкін. Егілген көгал алаңын құру, рулондық көгал алаңын орналастыруға қарағанда ұзақ уақытты талап етеді, өйткені рулондық бір күні ішінде төселуі мүмкін.

Көгал алаңдарының барлық түрін салған кезде, шалғыннан басқасында, барлық жер топтарында алдын ала 25-30 см тереңдікте жер-топырақтың үстінгі қабаты алынады, тырмаланады және қалыңдығы 10 см құмнан дренаждық-экрандық қабаты төселеді, одан кейін құнарлы топырақ қыртысы салынады.

Топырақ қыртысын салғаннан кейін оған тегістей минералдық тыңайтқыштар енгізіледі (қолданыстағы заттар бойынша): азоттықтар - 30 г/м2, калийлықтар – 20г/м2, сондай-ақ үлгісі Кемир көгалдары үшін кешенді тыңайтқыштар енгізіледі.

Қалада көгалдарды егу үшін түрлі құрамды аралас шөптер пайдалануы мүмкін.

  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter